«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№1 облыстық
арнайы мектеп-интернаты» КММ
МӘЛІМЕТ
Интернатта өмір сүруге және білім алуға барлық жағдай жасалған, жұмсақ, қатты жиһазбен толық жабдықталған. Мұнда 63 жатын және 4 ойын бөлмелері, сенсорлық бөлме, жұмсақ бөлме, кітапхана, Абайтанудың кабинеті және спортзал, бассейн, психолог және логопед кабинеті, 250 орындық асхана, медициналық блок және стоматологиялық кабинет, педиатр кабинеті, офтальмолог кабинеті, 12 орындық изолятор, тігін шеберханасы, кір жуатын орын, 10 орындық монша, азық-түлік өнімдерін, тұрмыстық заттар мен киімдерді сақтауға арналған қоймалар, гараж. Аулада спорт және ойын алаңдары бар. Сұйық отынмен жылытылады, сумен
Қазіргі уақытта мектеп-интернатта 7 жастан 18 жасқа дейін - 164 бала тәрбиеленуде. Оның 2 - жетім, 2 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған.
Балалардың этникалық құрамы: қазақтар - 125, орыстар - 10, басқа ұлттар - 21. Қыздар - 65, ұлдар - 99. Жоғары сыныптарда - 104, бастауыш сыныптар - 60.
Мектеп офтальмологы - балалардың көру қабілетін қорғауға арналған маман.Оқушылар үнемі мектепте көз күтіми бойынша кәсіби тексеру өтеді.
Мектебіміздегі тіс дәрігері - оқушылардың күлкісін жарқын ету үшін жұмыс істейді!
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ., 4 шағын ауданы, Абай к., 12
8 (72775) 7-37-42